Иракта ирандық тауарлардың көрмесі өтіп жатыр
Ирактың шығысындағы Дивание қаласында I ирандық тауарлар көрмесі 45 компанияның қатысуымен ашылды.
Ирандық тауарлар көрмесінің ашылу салтанатына ИИР-ның Наджафтағы бас консулы Хамид Макарем мен Қадисие облысы Дивание қаласының әкімі Сами Хасанави қатысты.
Бұл үш күндік көрмеде құрылыс материалдары, ауыл шаруашылығы машиналары, азық-түлік өнімдері, күн панельдері, кілем, сәндік бұйымдар мен аспалы шамдар жұрт назарына ұсынылды.
Ирак аймақтағы Иранның маңызды сауда серіктесі саналады.
Иран Кеден басқармасының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, өткен сегіз айдың ішінде Ирак 6 миллиард 700 миллион доллардан астам көрсеткішімен Иранның мұнайдан тыс тауарларын экспорттайтын маңызды елдердің бірі саналады.