Иран Кувейт арасындағы сауда және экономикалық қарым-қатынастарын арттырудың маңыздылығын қуаттады
(last modified Wed, 19 Dec 2018 16:15:08 GMT )
Жел 19, 2018 22:15 Asia/Almaty
  • Иран Кувейт арасындағы сауда және экономикалық қарым-қатынастарын арттырудың маңыздылығын қуаттады

Кувейттегі Ирнның жаңа елшісі Теһран мен Кувейттің сауда және экономикалық қарым-қатынастарын арттырудың маңыздылығын қуаттады.

Кувейттегі Иранның жаңа елшісі Мұхаммад Ирани «Ан-Наһар» газетіне берген сұхбатында екі елдің ежелден келе жатқан қарым-қатынастарына тоқталып, Иран мен Кувейт қарым-қатынастарын кеңейту үшін экономикалық, сауда және саяси барлық мүмкіндікті пайдалану қажеттігін қуаттады.

Ирани екі ел басшыларының екі жақты ынтымақтастықтарды арттыруға мүдделік танытатынын қуаттап, екі ел қарым-қатынастарының жаңа кезеңге енгенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ, Иранның Йеменде бейбітшіліктің орнатылуын қолдайтынын баса айтты. Иран елшісі Йемен дағдарысын шешу саласындағы ИИР-ның төрт баптық жобасына сілтеме жасап, оны Йеменді дағдарыстан шығару үшін ең жақсы жол деп атады.