Сирияның Манбидж қаласындағы түркиялық күштер артқа шегінді
(last modified Mon, 31 Dec 2018 19:22:30 GMT )
Қаң 01, 2019 01:22 Asia/Almaty
  • Сирияның Манбидж қаласындағы түркиялық күштер артқа шегінді

Сирияның Алеппо облысының Манбидж қаласындағы түркиялық күштер артқа шегінді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, жуырда әскери күштерін Сирияның Манбидж қаласына жіберген Түркия бүгін таңертеңнен бастап өз күштерін бұл аймақтан артқа шегіндіре бастады.

Сонымен қатар ақпарат құралдарының мәліметіне сәйкес, Түркияға қарасты қарулы топтар, соның ішінде Түркияға Манбидж қаласын басып алу үшін көмектесуді мақсат етіп, жуырда күштерін осы қалаға қарай жіберген "Сирияның еркін әскері" атты топ бірнеше сағат бұрын күштерін бұл аймақтан кері шегіндіруді бастаған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мұның алдында күрд топтары, атап айтқанда "Халықтық қорғаныс бөлімшелері" (YPG) мен Түркиядағы "Күрдістан жұмысшылар партиясы" (PKK) Манбидж қаласы мен Евфрат өзенінің шығыс жағалауынан шыққан жағдайда Анкара өз күштерін Сирия жерінен шығаратынын мәлімдеген болатын.

 

 

Тегтер