Иранның парламенттік делегациясы Башар Асадпен кездесті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i40856
Иранның парламенттік делегациясы дүйсенбі күні Дамаскта Сирия Президенті Башар Асадпен кездесіп, сұхбаттасты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 14, 2019 20:01 Asia/Almaty

Иранның парламенттік делегациясы дүйсенбі күні Дамаскта Сирия Президенті Башар Асадпен кездесіп, сұхбаттасты.

Хешматулла Фалахатпише бастап, Сирияға барған Иранның парламенттік делегациясы Башар Асадпен кездесуде екіжақты және халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Иранның парламенттік делегациясы, сондай-ақ, дүйсенбі күні Сирияның Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллеммен де кеңесті.

Фалахатпише мен ол бастаған делегация Сирия Парламентінің төрағасы Хамуда Саббагпен кездесуді жоспарлап отыр.

Хешматулла Фалахатпише бастаған Иранның парламенттік делегациясы Сирияға кеше, жексенбі күні аттанған болатын.