Зариф АҚШ Президентінің Иранға қарсы сөздеріне реакция білдірді
(last modified Wed, 16 Jan 2019 07:02:21 GMT )
Қаң 16, 2019 13:02 Asia/Almaty
  • Зариф АҚШ Президентінің Иранға қарсы сөздеріне реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президентінің Иран мен Ирак және Сирия күрдтері арасындағы қарым-қатынасына араласуына реакция білдіріп, Иран халқы мен күрд халықтарның мыңдаған жылдар бойы бір-бірінің қасында болғанын, келешекте де бірге болатынын баса айтты.

АҚШ Президенті Дональд Трамп өз елінің Үкімет мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде "Сирияның күрдтері Иранға мұнай сатады",- деген уәж айтқан болатын.

ИРНА ақпарат арнасының мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Ирактың солтүстігіндегі Эрбильге жасаған сапары кезінде: "Иран әрқашан Бағдад және Ирактың Күрдістан аймағымен әртүрлі салаларда, соның ішінде саяси және экономикалық салаларда жақсы қарым-қатынасқа ие болды",- деді.

Зариф, сондай-ақ, Ирактың ұлттық бірлігі мен егемендігін қорғаудың маңыздылығын қуаттап, біртұтас үкіметтің құрылуының арқасында Бағдад пен Эрбильмен қоса Теһран мен Ирактың Күрдістан аймағы арасындағы ынтымақтастықтарды арттыруға мүмкіндік туатынын баса айтты.