ИИР-ның Вице-президенті мен Сирия Президенті Дамаскте кездесті
(last modified Tue, 29 Jan 2019 13:52:22 GMT )
Қаң 29, 2019 19:52 Asia/Almaty

ИИР-ның Вице-президенті мен Сирия Президенті Дамаскте кездесіп, екі ел байланыстары мен серіктестіктерін арттыру туралы сөйлесті.

Иран Вице-президенті Исхақ Джаһангири сейсенбі күні Сирия президенті Башар Асадпен кездесуде екі елдің он төртінші ортақ комиссиясындағы келіссөздеріне тоқталып, Теһран мен Дамасктің стратегиялық экономикалық серіктестіктер келісіміне қол қоюын басқа келісімдерді жақсырақ жүзеге асыруға көмектесетінін мәлімдеді.
Сирия президенті Башар Асад та кездесуде ислам революциясының мәртебелі жетекшісіне, Иран Үкіметі мен халқының Сирияға лаңкестікпен күрес және бөгделердің араласушылығы ағымында көрсеткен көмектеріне алғыс айтып, Сирия толығымен азат етілгеннен кейін елін қайта қалпына келтіруді Үкіметінің басты мәселесі деп атап, осы салаға Иранның мемлекеттік және жеке меншік компанияларының көбірек атсалысып, серіктестік жасауын қалайтынын айтты.  

Иран мен Срияның экономикалық серіктестік комиссиясының он төртінші кезеңі жексенбі күні Дамаскте Иранның Жол және қала құрылысы министрінің басшылығымен келген делегацияның құрамындағы жүзден астам бизнесмен мен экспорттаушылар және жеке сектор белсенділерінің қатысуымен жұмысын бастады.

 

Тегтер