Лаңкестер Иракта ирандық зияратшыларға шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i41145
Лаңкестер Ирактың солтүстігіндегі Салахеддин облысында ирандық зияратшыларға шабуыл жасап, 34 жастағы бір әйелдің өліміне себеп болып, 9 адамды жаралады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 04, 2019 10:53 Asia/Almaty
  • Лаңкестер Иракта ирандық зияратшыларға шабуыл жасады

Лаңкестер Ирактың солтүстігіндегі Салахеддин облысында ирандық зияратшыларға шабуыл жасап, 34 жастағы бір әйелдің өліміне себеп болып, 9 адамды жаралады.

Иран Телерадио ұйымына қарасты хабар агенттігінің Бағдадтан хабарлауы бойынша, ирандық зияратшылардың автобусына лаңкестер Салахеддин облысындағы Балад қаласының оңтүстігінде орналасқан Ғанаһ аймағында сенбі күні түнде шабуыл жасаған.