Зариф: АҚШ Иран мен Ирактың қарым-қатынасын тоқтата алмайды
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иран мен Ирак қарым-қатынасын тоқтата алмайтынын қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Бағдадта ВВС арнасының араб тіліндегі бөліміне берген сұхбатында: «Иран Иракта АҚШ-пен бәсекелесіп жатқан жоқ. АҚШ ирактықтарға Иран мен АҚШ-тың арасынан біреуін таңдаңдар деп қысым көрсетіп жатыр. Иран ирактықтарға мұндай шарт қоймайды. Теһран мен Бағдад «күшті елдер» емес «күшті аймақ» деген аймқтық стратегияны ұстанады»,- деді. Зариф Британия үкіметінің Ливан Хизболласына қарсы жуырдағы әрекеті мен бұл қозғалысты лаңкестік топтардың тізіміне тіркеуіне реакция білдіріп: «Британия бұл әрекетімен Ливан халқының көпшілігін лаңкестік тізімге енгізді»,- деді.