Иран мен Ирактың ортақ мәлімдемесі қарым-қатынастарды кеңейтуге негізделді
Иран мен Ирак ортақ мәлімдемесінде екі елдің барлық салалардағы қарым-қатынасын кеңейтуді қуаттады.
Иран Президенті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, сейсенбі күні жарияланған мәлімдемеде Иран Президенті Хасан Руханидің Ирак сапарына сілтеме жасалып: «Бұл сапар – екі елдің достық әрі терең қарым-қатынасының белгісі, екі елдің стратегиялық ынтымақтастығы мен екі халықтың қарым-қатынасы дамуының маңызды факторы»,- деп баса айтылды. Иран мен Ирак мұнай, сауда, гигиена, темір жол және екі елдің бизнесмендері мен инвесторлары үшін виза алу саласындағы жеңілдіктер туралы келісімдерге қол қойды. Екі жақ сондай-ақ, екі ел арасында жаңа шекара аялдамаларын ашу, өнеркәсіптік қалашықтар құру, тауар тасымалдау жобаларын іске асырудың маңыздылығын қуаттады.