Хасан Насролла: Трамптың Голан жоталарына қарсы әрекеті – ислам әлемін қорлау
(last modified Wed, 27 Mar 2019 10:41:29 GMT )
Нау 27, 2019 16:41 Asia/Almaty
  • Хасан Насролла: Трамптың Голан жоталарына қарсы әрекеті – ислам әлемін қорлау

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Хасан Насролла АҚШ Президентінің Голан жоталарын сионистік режим жерінің тұтастығы деп жариялауын ислам әлемі мен араб елдеріне тіл тигізу деп атады.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сейед Хасан Насролла сейсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың Голан жоталарына қарсы әрекеті туралы: «АҚШ-тың Голан жоталарына қарсы әрекеті – Батыс Азия аймағының тыныштығына соққы беру. Араб басшыларының Тунисте өтетін алдағы саммитіне қатысушылар «Араб бейбітшілігі» жобасының күшін жоюы керек»,- деді. Насролла Хизболланың өткен 34 жыл бойы Ливан халқын қорғағанын қуаттап: «АҚШ Израиль басқыншылығын тұрақтандырып, Ливан халқын қатерге тірегісі келеді. Иран Ливанда тұрақтылық орнап, өркендеуі үшін Хизболланың қасынан табылады»,- деп қуаттады.

 

 

Тегтер