Иран Президенті Ливанды осы елдің оңтүстігін азат еткен күннің жылдығымен құттықтады
ИИР Президенті бір жолдауында Ливан үкіметі мен халқын осы елдің оңтүстігін азат еткен күннің жылдығымен құттықтап: "Басқыншылармен күресудің жалғыз жолы – табандылық пен қарсыласу",-деді.
Хасан Рухани Ливан Президенті Мишель Аунға жолдауында: "Ливан үкіметі мен халқын осы елдің оңтүстігін сионистік режимнің басқыншы күштерінен азат еткен жеңісті күннің жылдығымен құттықтаймын. Бұл жеңіс Ливанның табанды халқының жанпидалығы арқасында орын алды",-деді.
Рухани бұл жолдауда: "Агрессиядан туындаған сионистік режимнің болмысы басқыншылармен күресудің жалғыз жолының табандылықпен қарсыласу екенін көрсетті",-деді.
2000 жылдың 25 мамырында Ливан қарсыласу қозғалысы сионистік режимді жеңіп, осы елдің оңтүстігін 22 жыл бойғы басқыншылықтан азат етті.