Діни жетекші: «Ғасыр мәмілесі» - Бахрейн мен Сауд Арабиясы басшыларының тығырыққа тірелулерінің белгісі
Ислам революциясы жетекшісі «Ғасыр мәмілесі» деп аталған жобаның еш уақытта іске асырылмайтынын қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи кеше, сәрсенбі күні Теһрандағы Имам Хомейни атындағы діни-мәдени кешенінде Палестина мәселесі мен АҚШ-тың «Ғасыр мәмілесі» атты қиянатшыл жобасын ислам әлеміндегі басты тақырыптар деп атап: «Бахрейн мен Сауд Арабиясы сияқты кейбір исламдық елдердің қиянаты осындай жобаның пайда болуына жағдай жасады»,-деп еске салды.
Аятолла Хаменеи Бахрейннің «Ғасыр мәмілесі» жобасының экономикалық конференциясын өткізуді мойнына алғанына тоқталып: «Бұл жоба америкалықтарға тиесілі. Алайда Бахрейн басшылары өздерінің халыққа және исламға қарсы рухы және үстемшілдер алдындағы қауқарсыздығына байланысты осы конференцияны өткізуге жағдай жасады. Бірақ Бахрейн басшылары дәрменсіздігі және халық пен исламға қарсы рухымен бұл конференцияны өткізуді өз мойнына алды. Бахрейн мен Сауд Арабиясының билеушілері қандай батпаққа аяқ басқандарын білуі тиіс»,-деді.
«Ғасыр мәмілесі» - АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйге енгеннен бері баяндалған жоба. Кейбір араб режимдері АҚШ пен Израиль режимінің бұл жобасына қосылды. Ағымдағы 2019 жылдың 25-29 маусымында Бахрейнның Манамасында экономикалық конференция өткізуді жоспарлау, Парсы шығанағы кеңесі мен Араб лигасының Меккедегі соңғы екі отырысында Палестина мәселесіне немқұрайдылық таныту Сауд және әл-Халифа режимдерінің Палестинаның армандарына қиянат жасауларының әшкере белгілері. АҚШ Президенті Сауд Арабиясы, Бахрейн мен Біріккен Араб Әмірлігіне қысым көрсетіп, бұл елдер арқылы «Ғасыр мәмілесі» деп аталатын жобаның экономикалық шығының қамтамасыз етуге талпынуда. АҚШ-тың Сауд режимі мен әл-Халифа режимін қолдауы оларды ислам әлемінің басты тақырыбына немқұрайдылық көрсетуге мәжбүр етуде. Ливанның Сент Жозеф университетінің саяси ғылымдар ұйымының директоры Карим Эмиль Битар бұл салада Палестина халқының АҚШ-тың бұл жобасына қарсылық білдіруіне тоқталып: «Негізінде «Ғасыр мәмілесі» жобаның негізі Палестинаның қанадрған халқының құқыларын құрбан етіп, Израильді Парсы шығанағы аймағындағы мемлекеттерге жақындату. Бұл талпыныстар биылғы Дүниежүзілік Құдс күнінің араб-исламдық халықтар мен Палестина топтарының америкалық «Ғасыр мәмілесі» жобасына қарсылық білдіруге айналған жағдайда жасалуда.
Биылғы Дүниежүзілік Құдс күніне арналған шеру әлемнің 100-ден астам елінде өтіп, Палестина халқының армандары мен құқыларының мәміле етілмейтінін және қарсыласу майданының америкалық-араб-сионистік «Ғасыр мәмілесі» жобасының іске асыруға рұқсат етпейтінің көрсетті. Биылғы Дүниежүзілік Құдс күніне арналған шеру «Ғасыр мәмілесі» жобасының ешбір палестиналық топ және исламдық үмбетпен қабылданмағанын растады. Бұл жоба Палестина халқының, әсіресе палестиналық босқындардың құқыларымен санаспайды және оның мақсаты Израиль режимінің басқыншылығының дамуы болып табылады. Исламдық жерлердегі бірлік пен біртұтастық «Ғасыр мәмілесі» жобасын сәтсіздікке ұшыратады. Мұндай жағдайда Сауд және әл-Халифа режимдерінің «Ғасыр мәмілесі» жобасын іске асыру талпыныстары - батпаққа қарай қадам басуы. Ал Палестина мен Құдс мәселелері қарсыласу идеяның қолдауымен ұмытылмайды.