Ауғанстан Президентінің баспасөз хашысы Кабул-Вашингтон қауіпсіздік келісімінің қалатынын қуаттады
(last modified Wed, 04 Sep 2019 12:04:54 GMT )
Қыр 04, 2019 18:04 Asia/Almaty
  • Ауғанстан Президентінің баспасөз хашысы  Кабул-Вашингтон қауіпсіздік келісімінің қалатынын қуаттады

Ауғанстан Президентінің баспасөз хашысы АҚШ пен Талибан тобы арасындағы келісімге қол қойылған жағдайда, Кабул-Вашингтон стратегиялық және қауіпсіздік келісімінің қалатынын қуаттады.

"Тасним" ақпарат агенттігінің мәліметінше,  Ауғанстан Президентінің баспасөз хашысы Седиқ Седиқи сейсенбіде: "АҚШ пен Талибан арасындағы ықтималды келісімнен кейін Вашингтон Ауғанстанның стратегиялық серіктесі болып қалады",- деді. Негізінде Ауғанстанның саяси тұлғалары мен өкілдері бұдан бұрын сан рет Кабул-Вашингтон қауіпсіздік келісімін қайта қарастыруды сұраған болатын. 2014 жылы Кабул-Вашингтон қауіпсіздік келісіміне қол қойылған соң Ауғанстандағы әуе шабуылдар, тынышсыздықтар мен экономикалық кедейшілік артты.