Ансаралла: Сауд Арабиясы өз сарбаздарын тірі қалқан ретінде пайдаланады
(last modified Mon, 30 Sep 2019 12:42:35 GMT )
Қыр 30, 2019 18:42 Asia/Almaty
  • Ансаралла: Сауд Арабиясы өз сарбаздарын тірі қалқан ретінде пайдаланады

Йеменнің Ансаралла қозғалысының баспасөз хатшысы Мұхаммад Абдәлсалам Наджран майданындағы «Наср мин Алла» әрекетінде Сауд режимінің қарамағындағы көптеген сарбаздары мен жалдамалы күштерінің тұтқынға түсуі мен жарақат алуына, сондай-ақ, саудиялық қырғи ұшақтардың тұтқындарды нысанаға алуына тоқталып, Сауд қолбасшыларының өз сарбаздарын соғыста тірі қалқан ретінде пайдаланып жатқанын айтты.

Йеменнің Ақпарат министрі Сейфалла әл-Шами де: «Йемен Қарулы күштері баспасөз хатшысының «Наср мин Алла» әрекеті туралы сөзі бұл әрекеттің тек бір кішкентай көрінісі. Бұл әрекетті шамамен 100 дүрбі тіркеді. Сондықтан алдағы күндері әрекет туралы жаңа бейнетаспалар жарық көреді»,- деді. Йемен Қарулы күштерінің баспасөз хатшысы Яхия Сариқ та «Наср мин Алла» деген үлкен әскери әрекет туралы хабарлап: «Бұл әрекетте дұшпан күштерінен мыңдаған адам берілді. Жүздеген адам, соның ішінде Сауд армиясының қолбасшылары, офицерлері мен сарбаздары тұтқындалды»,- деді.