Ирак Премьер-министрі: Халықтың заңды талап-тілектері қарастырылып, орындалады
Ирактың Премьер-министрі ел үкіметінің халықтың заңды талап-тілектерін қарастыратынын қуаттады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Адел Абдулмаһди жұма күні теледидар арқылы тікелей сұхбатта шеруге қатысқандарға қарсы қатігездік жасалмайтынына сендіру үшін заңды комитеттердің құрылатынын хабарлап: «Ирак үкіметі жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін экономикалық реформаларды бастап, Парламентке бір жоба ұсынады. Ол бойынша, үкімет әл-ауқаты нашар отбасыларға жәрдемақы төлейтін болады»,-деді.
Ирактың кейбір облыстарында, соның ішінде Бағдат облысында соңғы күндері әлеуметтік қызметтердің қолайсыз жағдайы, жұмыс орындарының болмауы және әкімшілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы наразылық шерулері өтіп жатыр. Наразылықтарда бірнеше адам қаза тауып, бірқатар адам жараланды.
Айғақтар көрсеткендей, шерулер кездейсоқ өтіп жатқан жоқ. Оның ұйымдастырылуына бөгделер атсалысқан. Твиттерде Ирактағы шерулер жайлы таратылған хабарлардың 79 пайызы Сауд Арабиясындағы қолданушыларға тиесілі.