Қазақстанда үкіметке қарсы митингке шыққан 26 адам тұтқындалды
(last modified Sun, 27 Oct 2019 11:01:03 GMT )
Қаз 27, 2019 17:01 Asia/Almaty
  • Қазақстанда үкіметке қарсы митингке шыққан 26 адам тұтқындалды

Қазақстан полициясы екі маңызды қалада үкіметке қарсы митингке шыққан 26 адамның тұтқындалғанын хабарлады.

Франция ақпарат агенттігінің Алматыдан хабарлауы бойынша Қазақстан полициясы сенбі күні Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында өткен митингтерді тыйым салынған топ ұйымдастырғанын мәлімдеген. Осы мәлімет бойынша, Қазақстанның астанасында митингке шыққандар жуырда үкіметтегі өкілеттігі артқан бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Орталық Азиядағы Қытайдың ықпалына қарсы ұрандар айтқан.

Қытай Қазақстанды өзінің «Жаңа Жібек жолы» жобасына қажет өткел санайды. Қазақстандықтар да бұл жобаға көп қаржы салды.