Төртінші саудиялық шахзада қамауға алынды
(last modified Sun, 08 Mar 2020 12:22:08 GMT )
Нау 08, 2020 18:22 Asia/Almaty
  • Төртінші саудиялық шахзада қамауға алынды

Сауд әулетіне жақын ақпарат көздері Сауд Арабиясы мұрагерінің бұйрығымен төртінші саудиялық шахзаданың қамауға алынғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің жексенбі күні хабарлауынша, Сауд Арабиясы армиясының бұрынғы барлау басшысы әрі төртінші саудиялық шахзада Наиф бен Ахмед саудиялық тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның бұйрығымен қамауға алынды.

Жұма күні Саудия королінің інісі Ахмед бен Абдулазиз, бұрынғы тақ мұрагері Мұхаммед бен Наиф және оның інісі Наваф бен Наиф қиянат жасады деген айыппен қамауға алынды.

Ұлыбританияның «Middle East Eye» газеті хабардар көздерге сүйеніп, қамауға алынғандардың өлім немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасына кесілуі ықтималын хабарлады.

Эр-Риядтағы патша әулетіне жақын адамдардың айтуынша, жуырдағы қамаулар Мұхаммед бен Салманның өз әулетінде оған қарсы қастандықтардың болуы мүмкіндігінен қорқатынын және ықтималды қарсыластардың көзін құртуға тырысып жатқанын көрсетеді.

Тегтер