Әл-Каземи ресми түрде Ирактың Премьер-министрі болды
Әл-Каземи Ирак Парламентінде басым дауыс жинау арқылы ресми түрде осы елдің Премьер-министрі ретінде жұмысын бастады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирак Парламенті 329 депутаттан 233-нің қатысуымен Мұстафа әл-Каземидің кабинет мүшелерінің бір бөлігіне сенім дауысын берді.
Нури әл-Малеки үкіметін жақтайтын фракция өкілдерінен басқа жиналысқа қатысқан депутаттар 21 министрлікке ұсынылған 15 министрге сенім дауысын беріп, 4 министрді қабылдаудан бас тартты.
Жиналыста Мұнай және Сыртқы істер министрлері лауазымына ұсынылған адамдар туралы қайшылықтардың болуына байланысты дауыс беру басқа кезге ауыстырылды.
Мұстафа әл-Каземидің үкіметі Адел Абдулмахдидің ісін ілгерілететін үкіметтің орнын алмастырады. Абдулмахди өткен жылы 29 қарашада отставкаға кеткен болатын.