Иран мен Түркия зерттеушілері жиырма екі ортақ жобаны іске асырады
Иранның Ғылым, зерттеу және технологиялар министрлігінің ғылыми және халықаралық ынтымақтастықтар орталығы мен Иран-Түркия ынтымақтастықтар тобының келісімімен екі елдің зерттеушілері жиырма екі ортақ жобаны іске асырады.
Иранның Ғылым, зерттеу және технологиялар министрлігінің сәрсенбі күнгі мәліметінше, бұл жобалар гидраттар, наноталшық, электрохимия және нанокомпозит салаларымен байланысты. Бұдан бұрын Иранның Ғылым, зерттеу және технологиялар министрінің орынбасары Хосейн Салар Амоли коронавирус пандемиясынан кейін Иран мен Түркияның ортақ жобаларды іске асыратынын хабарлаған болатын. Иран мен Түркия әрқашан әртүрлі, әсіресе экономика, ғылым және мәдени салаларда маңызды серіктес болды.