Ислам елдері Құдсты азат етуде бірлікке ие
(last modified Tue, 19 May 2020 11:37:38 GMT )
Maм 19, 2020 17:37 Asia/Almaty
  • Ислам елдері Құдсты азат етуде бірлікке ие

Ислам әлемінің әйгілі тұлғалары қасиетті Құдс халықаралық конгресінде ислам үкіметтері мен елдерінің Құдсты азат ету және сионистік режимнің қылмыстарына қарсыласу жолындағы бірлігін қуаттады.

Бахрейн Исламдық қозғалысының басшысы шейх Иса Қасем  видеоконференция түрінде өткен қасиетті Құдс халықаралық  конгресінің бірінші күні  кейбір ислам елдерінің сионистік режиммен қарым-қатынасын қалыпқа келтіріп жатқанын сынап: «Израиль режимімен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру – қарсыласу ағымына теріс қарап, Құдстың армандарына қатысты қылмыс жасау»,- деді. Құм қаласындағы әйгілі ғұлама аятолла Хосейн Нури Хамедани да: «Дүниежүзі Палестина халқының тағдырын тек өзі ғана шешетінін білгені жөн. Заңсыз құрылған Израиль режимі аймақтағы күштерін шығаруы керек»,- деп қуаттады.