Рухани: Иран Ливанға медициналық көмек беруге дайын
(last modified Wed, 05 Aug 2020 08:12:53 GMT )
Там 05, 2020 14:12 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Ливанға медициналық көмек беруге дайын

ИИР Президенті Ливан халқына Бейрут айлағында болған жарылыста қаза болғандарға байланысты көңіл айтып: «Теһран гуманитарлық шаралар аясында Ливанда жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетіп, дәрі-дәрмектер жіберіп, тиісті емдік шаралар атқаруға дайын»,-деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Ливан Президенті Мишель Наим Аунға жолдаған хатында осы елдің үкіметі мен халқына көңіл айтумен бірге ИИР үкіметінің медициналық көмек көрсетіп, дәрі-дәрмектер жіберуге дайын екенін қуаттады.

Иран Президенті жарылыстың көлемі мен шығындары тез анықталып, Бейрутте тыныштық орнайтынына үміт білдірді.

Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жарылыстан осы сәтке дейін кемінде 80 адам қаза тауып, 4 мың адам жараланды.