Бейрутте жарылыста көз жұмғандардың саны артты
(last modified Wed, 05 Aug 2020 10:12:10 GMT )
Там 05, 2020 16:12 Asia/Almaty

Ливан Денсаулық сақтау министрі Бейрут айлағында болған жойқын жарылыстан 73 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Сейсенбі күні кешке Бейрут қаласының айлағында жойқын жарылыс болды.  Ливанның Кеден басқармасының директоры жарылысқа азот қышқылының себеп болғанын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ливан Денсаулық сақтау министрі Хамд Хасан жарылыс салдарынан 3700-ден аса адамның жарақат алғанын айтты.

Ливан Премьер-министрі Хассан Дияб осы елдің Жоғары қорғаныс кеңесінің нұсқауын орындап, елде төтенше жағдай жариялады.

Ливанның Жоғары қорғаныс кеңесі сәрсенбі күні таңертең Мишель Аунның төрағалығымен төтенше жиналыс өткізіп, бұл елде үш күн аза тұтылып, мемлекеттік кеңселердің жабылатынын мәлімдеді.