Аптап ыстықта әл-Хаскенің суын өшіру – Түркияның экспансиялық пиғылы
Түркия мен оған қарасты лаңкестер Сирияның шығысындағы әл-Хаске облысында суды өшіріп тастау арқылы геосаяси экспансияны адамгершілікке жат қалыпта ілгерілетіп жатыр.
Сирия армиясы мен оның одақтастарының лаңкестермен күресте сәттіліктерге қол жеткізгенінен кейін қазір осы елдің шығысы мен солтүстік-шығысындағы аудандар үкіметке қарсылар шоғырланған ошаққа айналды. АҚШ пен Түркия Сирияның шығысы мен солтүстік-шығысында басқыншылық және жалдамалы лаңкестерді пайдалану арқылы соғыс жүргізіп, осы өңірлердің халқына ауыр жағдайды таңып отыр.
Түркияда Сирияның шығысы мен солтүстік-шығысына қатысты геосаяси мақсаттар бар. Ол өз аумағын кеңейтуді көздейді. Түркия әскерилері Сирияның шығысында орналасуымен қоса, Анкараның қолдауына ие болып отырған лаңкестер де осы өңірлерде орналасқан. Түркия мен оның қолдауындағы лаңкестер Сирияның солтүстік-шығысында бірнеше әскери шабуыл жасаумен қоса, өз мақсаттарына жету үшін адамгершілікке жат құралдарды да пайдаланады.
Осындай адамгершілікке жат құралдардың бірі – әл-Хаске тұрғындарының суын өшіру. Сирияның SANA ресми ақпарат агентігінің хабарлауынша, Түркия күштері мен оның жалдамалылары екі аптадан бері Рас әл-Айн ауданындағы Алук стансасынан әл-Хаске қаласы мен оның айналасындағы қалашықтарға судың жіберілуін тоқтатты. 1 млн-ға жуық тұрғын тұщы судан айырылып отыр.
Түркияның әл-Хаскеде сириялық тұрғындарды сусыз қалдырып отырғаны бірінші рет емес. Мұндай адамгершілікке жат қатынас бұдан бұрын лаңкестер тарапынан Дамаск пен Алеппода қолданылған. Оның шарықтау шегі Алеппода Набл мен әл-Захра қалашықтарының тұрғындарын үш жыл бойы судан айыру кезінде болды.
Сирия да әлемнің көптеген елдері сияқты коронавируспен күресіп жатыр. Бұл вируспен күресте санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау басты шарт. ЮНИСЕФ-тің Сириядағы өкілі Френ Икта мәлімдемесінде: «Коронавируспен күрес жағдайында суды өшіріп, Алук стансасындағы су насосының жұмысын тоқтату балалар мен олардың жанұяларын қатерге тігеді. Өйткені коронавируспен күресу үшін қолды сабындап жуу қажет»,-деп мәлімдеді. Коронавирустың таралуымен қоса, жаздың аптап ыстығында әл-Хаске тұрғындарының суы өшірілді. Қазір халық суға көбірек мұқтаж. Әрине Анкара әлемдік қауымдастықтың үнсіздігі саясында бұл мәселеге көңіл аудармай отыр.
Түркия мен оған қарасты лаңкестер суды Дамаскқа қарсы саяси құрал ретінде пайдаланып отыр. Анкара тұщы суды өшіру арқылы бұл аймақ тұрғындарын көшуге мәжбүрлеп, осы өңірде демографиялық өзгеріс жасағысы келетін сыңайлы. Шын мәнінде Түркия өзінің геосаяси экспансиясын ілгерілетуді Сирия халқын адамгершілікке жат қалыпта қоршауға алумен байланыстырып отыр. Бұл мәселе ЮНИСЕФ ұйымының назарынан тыс қалмады.