Түркиядағы жер сілкінісінің құрбандар саны артты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i48819-Түркиядағы_жер_сілкінісінің_құрбандар_саны_артты
Түркиядағы жер сілкінісінің құрбандар саны 73 адамға жетіп, 900-ден аса адам жарақаттанды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 02, 2020 15:13 Asia/Almaty

Түркиядағы жер сілкінісінің құрбандар саны 73 адамға жетіп, 900-ден аса адам жарақаттанды.

Түркияның Дағдарыстарды басқару ұйымы Измирде болған жер сілкінісінің құрбандары жайлы соңғы статистикада 73 адамның қаза тауып, 961 адамның жараланғанын жариялады. Жарақат алғандардың 218-і ауруханаларға жатқызылды. Құтқарушылар жер сілкінісінен екі күн өткенде қирандылардың астынан 3 жасар және 14 жасар екі қызды аман-сау алып шықты.  

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Бағери Түркия Қарулы күштерінің бас штабы басшысына осы ащы оқиғаға байланысты көңіл айтып, Иран Қарулы күштерінің жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесуге дайын екенін қуаттады.