Иракта сардар Солеймани мен әл-Мохандестің шәһид болған күніне дайындық өтуде
Ирак астанасында шәһид қолбасшылар сардар Солеймани мен әл-Мохандестің шәһид болуының бір жылдығы қарсаңында ресми және үкіметтік мекемелерден басқа әртүрлі топтар оларды құрметтеуге және олардың жолының жалғасуын қуаттауға дайындалып жатыр.
Ирактың Хашд аш-Шааби ұйымының кейбір басшыларының айтуынша, бұл күнге байланысты осы айдың соңына дейін ресми және қоғамдық бөлімдерде бірнеше шара өтеді. Басқыншылардың шығуын және Ирактың егемендігін қалпына келтіру қажеттілігін қуаттау мақсатпен шәһид болған қолбасшыларды еске алудың бірінші жылдығының басты ұраны ретінде «Шәһидтік және егемендік» ұраны таңдалды. Осыдан үш күн бұрын Басреде шәһид Солеймани мен шәһид әл-Мохандестің суреттерімен ең үлкен плакат орнатылды.