Қаң 04, 2021 01:40 Asia/Almaty

Ирак халқы сардар Қасым Солеймани мен Абу Махди әл-Мухандестің шәһид болғанына бір жыл толуына орай Бағдат әуежайына барар көшеде осы екі кісі шәһид болған жерде салтанатты еске алу рәсімін өткізді.

Ирак азаматтары сенбі күні кешке Бағдат халықаралық әуежайына баратын көшеде жиналып, өткен жылы сардар Қасым Солеймани мен Абу Махди әл-Мухандес және оның серіктері мінген көлік АҚШ тарапынан шабуылға ұшыраған жерде майшам жағып, дұға оқып, шәһид қолбасшыларды еске алды. 

Осы рәсімде Хашд әш-Шааби күштерінің бірқатар қолбасшысы сөз сөйлеп, қарсыласу қозғалысы басшыларының жолын жалғастырып, олардың қаны үшін кек алып, америкалық басқыншыларды Ирактан шығару қажеттігін қуаттады.

Тегтер