Сейед Хасан Насролла: Америкалықтар соңғы оқиғалардан кейін Трамптың қауіптілігін түсінді
(last modified Sat, 09 Jan 2021 09:59:15 GMT )
Қаң 09, 2021 15:59 Asia/Almaty
  • Сейед Хасан Насролла: Америкалықтар соңғы оқиғалардан кейін  Трамптың қауіптілігін түсінді

Ливан Хизболласының бас хатшысы АҚШ конгресінде болып жатқан оқиғалардың белгілерін қауіпті деп атап: «Американдықтар Трамптың өз еліне жасаған саяси қатерін сезді»,- деді.

Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Сейед Хасан Насролла: «Аймақтағы АҚШ достары сәрсенбіге қараған түні Трамп жақтастарының конгреске жасаған шабуылын дағдылы көрсетуге талпынғандарына қарамастан, бұл оқиға АҚШ-тың уәжденген  демократиясының шындықтарын көрсетті. Америкалықтар мұндай құбылыстарды басқа елдерде іске асырғанды әдеттенген, бірақ Трамп оны АҚШ-та іске асырды»,- деп мәлімдеді. Ол АҚШ үкіметінің соңғы жылдардағы әрекеттерін, олардың ішінде қарсыласу ағымы қолбасшылары сардар Солеймани мен әл-Мухандеске қарсы лаңкестік әрекетін сынап: «Трамп – АҚШ-тың саяси және әскери үстемшілдігінің мысалы»,- деді.