Нау 12, 2021 16:01 Asia/Almaty

Йеменнің әскери өнеркәсіп және жаңа отандық өнімдер көрмесі елдің әскери және саяси басшыларының қатысуымен Сана қаласында басталды.

Al-Masirah ақпарат сайтының хабарлауынша, бейсенбі күні Ансаролла қозғалысы қолбасшыларының бірі сейіт Хұсейн Бадреддин әл-Хусидің шәһид болуының жылдығымен бір мезгілде басталған бұл көрмеде Йемен күштері жасаған жаңа қару түрлері, соның ішінде баллистикалық зымырандар, ұшқышсыз ұшақ, сауытқа қарсы құрал, соғыс зеңбіректері, жеңіл және ауыр қарулардың ашылу рәсімі өтті.  

Йемен Қарулы күштерінің бас қолбасшысы әрі Жоғары саяси кеңесінің төрағасы Мехди әл-Мешат осы көрмеге қатысып, елдің әскери жетістіктерін халық үшін бір жеңіс деп атап: «Бұл қарулардың барлығы йемендік мамандардың қолымен жасалды»,-деді.  

Тегтер