Израиль басып алынған Голан жоталарын өз меншігіне айналдыруға әрекет жасауда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i5263
Сионистік режимнің Сирияның басып алынған аймақтарын өз меншігіне айналдыруына қатысты әлемдік қауымдастықтың қарсыластығына қарамастан сионистік режимнің премьер-министрі «Голлан жоталары біржолата осы режимнің бөлінбес бөлшегі болып қалады»,- деген уәж айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 18, 2016 16:02 Asia/Almaty
  • Израиль басып алынған Голан  жоталарын өз меншігіне айналдыруға әрекет жасауда

Сионистік режимнің Сирияның басып алынған аймақтарын өз меншігіне айналдыруына қатысты әлемдік қауымдастықтың қарсыластығына қарамастан сионистік режимнің премьер-министрі «Голлан жоталары біржолата осы режимнің бөлінбес бөлшегі болып қалады»,- деген уәж айтты.

Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху жексенбі күні басып алынған Голан жоталары аймағында бірінші рет өткен осы режимнің кабинетінің отырысында Сирияның Голан жоталарының өздерінің меншігі екенін қуаттап: «Әлемдік қысымдар Голан аймағынан артқа шегінуге себеп болмайды»,- деді.

Нетаньяху Сирияның Голан жоталары туралы уәждерінің жалғасында халықаралық қауымдастықтан аталмыш аймақтың Израильдің меншігі екенін ресми қабылдауды талап етті.

1967-ші жылғы арабтар арасындағы соғыста Сирияның Голан жоталарының бір бөлімін жаулап алған Израиль режимі 1981-ші жылы бұл аймақты басып алынған басқа аймақтардың кепілдігі ретінде жариялаған болатын. Бұл әрекет әлемдік қауымдастық тарапынан еш уақытта ресми қабылданбады.

Сионистік режим премьер-министрінің Голан жоталарының бұл режимнің меншігі туралы таяудағы уәждері аталмыш режимнің ақпарат құралдары соңғы күндерде сан рет сионистік басшылардың аталмыш аймақтың Сирияға қайтарылуы туралы алаңдаушылық білдірген жағдайда айтылды.

Сионистік режимнің аймақты басып алу әрекеттерінің жаңа кезеңімен тұспа-тұс Сирияның Сыртқы істер министрлігі БҰҰ-ның бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына жазған хатында сионистік режимнің араб жерлеріндегі жаңа авантюралары туралы ескертіп, бұл режимнің билікқұмарлығының алдын алуға дереу шара қолдануды талап етті.

Сионистік режимнің ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша, израильдік басшылар осы кезде Женевада өтіп жатқан Сирияның келешегі туралы келіссөздерге қатысып отырған тараптар келісімге келсе, Израиль Голан жоталарынан артқа шегінуге қатысты әлемдік қауымдастықтың қысымдарымен бетпе-бет келуі мүмкін деп қорқуда.

Осыған орай сионистік режимнің әскері аймақтағы авантюралық әрекеттері саласында басып алынған Голан жоталары сынды аймақтарда әскери құзырларын нығайтып, көптеген әскери жаттығулар өткізді.

Негізінде қазіргі маңызды кезеңде сионистік режимнің Сирияға қарсы қастықтары мен бүліктерінің күшеюі бұл режимінің Дамаскке қарсы дұшпандығының жалғасуын көрсетеді. Бұл мәселе Голан жоталарына қатысты соңғы қастықтардың артында сионистік режим мен оның қолдаушыларының, әсіресе АҚШ-тың тұрғанын көрсетті.

БҰҰ-ның қарарлары бойынша сионистік режимге басқыншы режим ретінде басып алынған жерлердің халқы мен географиялық құрылымын өзгертуге тыйым салынған.