Лариджани Сирияны парламенттік сайлауды сәтті өткізуімен құттықтады
(last modified Mon, 18 Apr 2016 12:24:18 GMT )
Сәу 18, 2016 18:24 Asia/Almaty
  • Лариджани Сирияны парламенттік сайлауды сәтті өткізуімен құттықтады

Иранның ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Сирияда парламенттік сайлау сәтті өткізілген соң осы елдің президентіне құттықтау хат жолдады.

Иранның ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани үндеу жолдап, Сирия президенті Башар Асад пен осы елдің халқын Сириядағы парламенттік сайлауды табыспен өткізуімен құттықтады. Лариджанидің жолдауында: «Саяси- психикалық және қауіпсіздік саласы бойынша жасалып жатқан ауқымды қысымдар мен лаңкестік топтардың халықтың дауыс беру орындарына баруының алдын алу үшін жасаған талпыныстарына қарамастан халықтың жуықтағы сайлауға жаппай қатысуы Сирия халқының лаңкестер мен олардың халықаралық және аймақтық демеушілерінің жан- жақты шабуылдары алдындағы қарсыласуын, төзімділігі мен үкіметті қолдауын көрсетеді. Иран ислам республикасының стратегиясы аймақта тұрақтылық, тыныштық және қауіпсіздік орнату бағытында Сирия үкіметі және халқымен жақын, жан- жақты ынтымақтастық жасау болып табылады. Сирия үкіметі мен халқының төзімділігі мен табандылығының арқасында жуырда әсірешіл лаңкестік топтардың жеңілісіне куә боламыз» деп жазылған.