АҚШ-тың әскери автоколоннасы Ирактың Дивания қаласында нысанаға алынды
(last modified Thu, 17 Jun 2021 12:31:02 GMT )
Маусым 17, 2021 18:31 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың әскери автоколоннасы Ирактың Дивания қаласында нысанаға алынды

Қауіпсіздік көзі Ирактың оңтүстігіндегі Дивания облысында АҚШ әскери техникасы тиелген автоколоннаның нысанаға алынғанын хабарлады.

 Қауіпсіздік көзі бүгін, бейсенбі күні: «АҚШ әскери автоколоннасы жол бойындағы бомба жарылысына ұшырады. Осы кезге дейін зардап шеккендер және шығын туралы хабар жоқ»,- деді. Кеше де Ирактың батысындағы әл-Анбар облысының Саклавия аймағында АҚШ әскери конвойы нысанаға алынды. Соңғы айларда Ирактағы әртүрлі әскери базаларда орналасқан АҚШ әскерлерінеқұрал-жабдықтар тасымалдайтын автоколонналар сан рет жол бойындағы бомбаларға ұшырады.

Тегтер