Ирактың Эрбил қаласындағы АҚШ әскери базасына зымырандық шабуыл жасалды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i53784-Ирактың_Эрбил_қаласындағы_АҚШ_әскери_базасына_зымырандық_шабуыл_жасалды
Бүгін, сәрсенбі таңертең Ирактың Күрдістан аймағындағы Эрбил әуежайындағы АҚШ әскери базасына зымырандық шабуыл жасалды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 07, 2021 15:33 Asia/Almaty

Бүгін, сәрсенбі таңертең Ирактың Күрдістан аймағындағы Эрбил әуежайындағы АҚШ әскери базасына зымырандық шабуыл жасалды.

 

 

Ирак дереккөздері АҚШ-тың Эрбил әуежайындағы әскери базасына кем дегенде 20 ракета атылғанын хабарлады. АҚШ-тың Эрбильдегі әскери базасына шабуыл жасау кезінде ұшқышсыз ұшақтар да қолданылды. Жаңалық көздеріне сәйкес, Эрбил әуежайының үстіндегі әуе кеңістігі жабылып, барлық әуежай шамдары өшірілді. Шабуылдан зардап шеккендер мен қирандылар туралы әзірге мәліметтер түскен жоқ. Соңғы айларда Ирактағы АҚШ террористік конвойлары мен әскери базаларына бірнеше рет шабуыл жасалды. Көптеген ирактықтар мен бұл елдің топтары америкалық террористік күштердің Ирактан шыққанын қалайды және Ирак парламенті бұл күштерді шығару жобаны мақұлдады.