Түркия үкіметі Сирия мен Ирак жерінде заңсыз амалдарын жалғастыруға талпынып жатыр
https://itolqyn.com/news/west_asia-i56074-Түркия_үкіметі_Сирия_мен_Ирак_жерінде_заңсыз_амалдарын_жалғастыруға_талпынып_жатыр
Түркия үкіметі шет елде лаңкестікке қарсы амалдарын орындау үшін əскери күш жіберу мерзімін ұзарту туралы жобаны ел Парламентіне жолдады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 21, 2021 18:17 Asia/Almaty
  • Түркия үкіметі Сирия мен Ирак жерінде заңсыз амалдарын жалғастыруға талпынып жатыр

Түркия үкіметі шет елде лаңкестікке қарсы амалдарын орындау үшін əскери күш жіберу мерзімін ұзарту туралы жобаны ел Парламентіне жолдады.

Жобада Сирия мен Ирактың солтүстігінде Түркия армиясының жаңа амалдарын бастау туралы айтылған.

Түркия екі жыл бойы лаңкестермен күрес сылтауымен Сирия мен Ирактың түрлі аудандарына шабуыл жасап, біраз бөлігін басып алды.

Түрлі елдер мен əлемдік қауымдастық Түркия əскерилерінің екі жыл бойы Сирия мен Иракқа жасаған заңсыз шабуылдарын айыптап, басқыншылықты тоқтатып, Түркия күштерін шығаруды талап етті. Алайда Түркия бұрынғыдай заңсыз əрекеттерін жалғастыруда.