Бағдаттағы АҚШ әскери базасының жанында Иранның ұлттық әнұраны шырқалды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i57964
Сардар Солейманидің шәһид болған күнінің жылдығына орай Бағдаттағы АҚШ әскери базасының жанында Иранның ұлттық әнұраны шырқалды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 03, 2022 17:27 Asia/Almaty

Сардар Солейманидің шәһид болған күнінің жылдығына орай Бағдаттағы АҚШ әскери базасының жанында Иранның ұлттық әнұраны шырқалды.

Ирак халқы Бағдаттағы халықаралық әуежайда жиналып, қажы Қасым Солеймани, Абу-Махди әл-Мохандес пен олардың майдандастарының шәһид болғанына екі жыл толуына орай АҚШ әскери базасы маңында Иран мен Ирактың әнұрандарын шырқады.

Бағдат әуежайында орналасқан АҚШ-тың "Виктория" әскери базасы – Ирактағы америкалық лаңкес күштердің әскери базаларының бірі. Сол жерде қарсыласу күштері қолбасшыларына лаңкестік шабуыл жасалды.