Амир Абдуллахиан: Сионистік режим – аймақ елдерінің бәріне қатер
Амир Абдуллахиан БАӘ Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбатында Батыс Азияда сионистік режимнің болуын аймақ елдерінің бәріне қатер деп атады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні кешке БАӘ Сыртқы істер министрі Абдулла ибн Заид Әл Нахиянмен телефон арқылы сұхбатында соғысты жалғастырып, қақтығыстарды арттырудың аймақ елдерінің ешқайсысының мүддесіне сай келмейтінін айтып: "Дағдарыс тудыратын элементтердің аймақта орналасуына жол бермеуге талпынуымыз керек",-деді.
Амир Абдуллахиан Йемен дағдарысына тоқталып: "Біздің сенімімізше, соғысты жалғастырып, қақтығыстарды көбейту аймақ елдерінің ешқайсысының мүддесіне сай келмейді",-деді.
БАӘ Сыртқы істер министрі осы сұхбат барысында: "БАӘ үкіметі Иранмен қарым-қатынасты дамытуға байсалды қарайды және түрлі салаларда екіжақты диалогты жалғастыру қажет деп санайды",-деді.
БАӘ Сыртқы істер министрі Йемендегі саяси дағдарыс туралы: "Йемендегі барлық тараптарды БҰҰ-ның қолдауымен саяси шешім жолын табуға ынтыландыруға тырысып жатырмыз",-деді.