Саудия қайраткері осы елдің банкротқа ұшырайтыны туралы болжам айтты
Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің қаржы кеңесшісі Мұхаммад Але Шейх осы елдің 2017 жылдың бас кезінде банкротқа ұшырау ықтималының зор екендігін айтты.
«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің қаржы кеңесшісі Мұхаммад Але Шейх Сауд Арабиясының өткен көктемде өзінің алтын-валюта қорын шектен тыс жұмсағанын айтып: «Осы жоғары шығынмен бұл ел 2017 жылдың бас кезіне дейін толығымен банкротқа ұшырайтын болады.
Халықаралық Қаржы Қоры мен өзге органдар өткен көктемде Сауд Арабиясының қоры кем дегенде алдағы 5 жылда осы елді мұнайдың бағасы төмендеп тұрған кезде өз аяғына тік тұрғыза алады деген болжам айтты, бірақ Сауд әулеті ойлағаннан әлдеқайда тезірек қаржы дағдарысына тап болады» деді.
Осындай жағдайда Сауд Арабиясы патшасының перзенті әрі осы елдің тақ мұрагер ханзадасы Мұхаммад Бин Сұлтанның банкрот апатының алдын алу үшін ел бюджетін 25 пайызға қысқартып, шығындарға қатаң бақылау жүргізіп отырғаны хабарланды.