Ирактың Мосул қаласындағы көне ескерткіштер контрабандалық жолмен Түркияға шығарылуда
(last modified Sun, 24 Apr 2016 15:47:58 GMT )
Сәу 24, 2016 21:47 Asia/Almaty
  • Ирактың Мосул қаласындағы көне ескерткіштер контрабандалық жолмен Түркияға шығарылуда

ИСИМ лаңкестік тобы Ирактың солтүстігіндегі Нейнава облысының орталығы Мосул қаласының тарихи ескерткіштерін өзге елдерге контрабандалық жолмен шығаруда.

Мосул университетінің тарихи ескерткіштер факультетінің ұстазы Амер Абдулла әл- Жамили «Спутник» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «ИСИМ лаңкестік тобы Мосул қаласының тарихи ескерткіштерін тонап, Түркия арқылы Ирактан сыртқа контрабандалық жолмен шығаруда. Шамамен 25 тарихи ескерткіш жаулап алынған Палестинаға көшіріліп, өзге бірқатары Еуропадағы акцияларда сатылды» деді.

Сондай- ақ «Спутник» ақпарат агенттігі ғаламтор кеңістігінде бейнематериал жариялап,Түркияның Ирактың тарихи көне бұйымдарын тонап, осы елден сыртқа шығару үшін ИСИМ лаңкестерімен ынтымақтастығының өзге бөлімін әшкере етті.

Осы бейне материал бойынша, ИСИМ лаңкестік тобы бағалы ескерткіштерді тонап, оларды контрабандалық жолмен Түркияға өткізу үшін Мосулдегі «әт- Тәуба» төбесінің ежелгі аймағын қазып жатыр.

Ирактағы көне ескерткіштердің мыңдаған жылдық тарихы бар. Олар біздің эрамызға дейінгі 7- ші ғасырға тиесілі деген болжам айтылуда.