Ирактың Түркияға қарсы Қауіпсіздік кеңесіне шағым түсіреді
Ирак министрлер кеңесі осы елдің сыртқы істер министрлігінен Түркияның Ирактың егемендігі мен азаматтарының қауіпсіздігіне қайта-қайта жасалған шабуылы туралы толық есеп дайындауды сұрады. Бұл іс Бағдадтың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Анкараға қарсы шұғыл шағымына негіз болуы керек.
Түркия армиясының сәрсенбі күні Ирактың Күрдістан аймағындағы «Перох» туристік орталығына артиллериялық шабуылы әзірге кем дегенде 11 әйел мен баланың қазасына себеп болды. Осыған байланысты ызаланған Ирак азаматтары Наджаф қаласындағы Түркияның виза беретін кеңсесіне шабуыл жасап, оны жауып, түрік туын түсіріп, Наджафтың басқа ауданында сол елдің туын өртеп жіберген.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирак министрлер кеңесі сәрсенбі күні кешке ұлттық қауіпсіздік күн тәртібімен кезектен тыс жиналыс өткізіп, Түркияның Ирактың солтүстігіндегі әскери операцияларын қатаң айыптады. Отырыс Ирак Премьер-министрі және қарулы күштерінің бас қолбасшысы Мұстафа әл-Каземидің төрағалығымен өтті. Ирак министрлері түрік тарапының Ирактың егемендігін бұзуды тоқтату, Ирак азаматтарының қауіпсіздігі және тату көршілестік қағидасын құрметтеу туралы Ирактың бірнеше рет өтініштерін елемегенін қуаттады.