Ирак Қорғаныс министрі: Түркия біздің шекарадан 20 км қашықтыққа еніп кетті
(last modified Mon, 25 Jul 2022 11:36:09 GMT )
Шіл 25, 2022 17:36 Asia/Almaty
  • Ирак Қорғаныс министрі: Түркия біздің шекарадан 20 км қашықтыққа еніп кетті

Ирак Қорғаныс министрі Түркия күштерінің Ирак шекарасынан 20 шақырым жерге еніп кеткенін хабарлады.

Түркия өткен сәрсенбіде Ирактың солтүстігіндегі Дахук облысында «Парерах» демалыс орнын нысанаға алып, 9 бейбіт адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады.

Сауд Арабиясының Al-Arabia арнасының дүйсенбі күні хабарлауынша, Ирак Қорғаныс министрі Жұма Энад: «Түркия Бағдат үкіметінің Ирактың солтүстігіндегі Заликан базасынан күштерін шығару туралы талабына оң жауап бермеді. Біз Түркияның соңғы шабуылынан есеңгіреп қалдық. Бізді ескертпей шабуыл жасады. Бағдат үкіметі Диярбакыр мен басқа жерлерде үйлестіру орталықтарын құруға ұсыныс жасаған болатын»,-деді.

Жұма Энад Түркия Ирактың Күрдістан аймағындағы Дахук облысына шабуылында 155 мм-лік ауыр оқтар қолданғанын айтып: «Түркия ДАИШ лаңкестік тобымен соғысты Иракқа шабуыл жасау үшін пайдаланып отыр»,-деді.