Түркия халқы Ердоған үкіметінің саясатына наразылық білдірді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i6292-Түркия_халқы_Ердоған_үкіметінің_саясатына_наразылық_білдірді
Түркия халқының бір тобы осы ел үкіметінің ішкі және сыртқы саясатына қарсы шеру өткізіп, осы саясатты Түркия үшін қауіпті деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 25, 2016 21:38 Asia/Almaty
  • Түркия халқы Ердоған үкіметінің саясатына наразылық білдірді

Түркия халқының бір тобы осы ел үкіметінің ішкі және сыртқы саясатына қарсы шеру өткізіп, осы саясатты Түркия үшін қауіпті деп атады.

Түркия халқының бір тобы дүйсенбі күні Анкарада бөліну мен лаңкестікке тосқауыл қою және парламенттік жүйені президенттікке өзгертуге қарсылық таныту ұранымен шеру өткізіп, осы ел үкіметінің ішкі және сыртқы саясатын айыптады.

Ердоғанның Түркияның саяси жүйесін парламенттік жүйеден президенттік жүйеге өзгерту жолындағы талпынысы үкімет қарсыластарының қатаң реакциясына тап болып отыр. Қарсыластар оны осы елді диктаторлық бағытқа қарай жетеліп отыр деп санайды.