Сирия Сауд Арабиясы мен Түркияның лаңкестерді қолдауын жалғастыруын айыптады
(last modified Mon, 25 Apr 2016 15:50:37 GMT )
Сәу 25, 2016 21:50 Asia/Almaty
  • Сирия Сауд Арабиясы мен Түркияның лаңкестерді қолдауын жалғастыруын айыптады

Сирия СІМ Анкара мен Эр- Риядтың лаңкестік топтарға қолдау көрсетуін айыптады.

Сирия СІМ БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне және осы ұйымның бас хатшысына жолдаған жеке дара хаттарда тәкфіршіл лаңкестердің Алеппо мен Дамаск маңындағы лаңкестік шараларына сілтеме жасап, Анкара мен Эр- Риядтың лаңкестік топтарға қолдау көрсетуін айыптап:

«Қылмыстар тәкфіршілердің Сирия халқына қарсы бұрынғы қылмыстары шеңберінде Сауд Арабиясы мен Түркия режимдерінің бұйрығымен іске асырылуда.

Анкара мен Эр- Рияд тәкфирлік лаңкестерге қолдау көрсету арқылы Женева бітім келіссөздерін сәтсіздікке ұшыратуды мақсат етуде. Қарсыластардың осы келіссөздерге атсалысуды уақытша тоқтатуы және олардың тәкфіршілерден Сирия үкіметі және армиясымен күресті жалғастыруды сұрауы осы сөзімізге куә. Дамаск үкіметі тәкфіршілердің лаңкестік шаралары бізді лаңкестікпен күресті жалғастырудан тыя алмайды деп ашық мәлімдейді» деді.

Сирия 2011 жылдың наурыз айынан бері шетелдік лаңкестердің осы елге кіруі салдарынан туындап отырған дағдарысқа тап болып отыр.