Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Сирияның Тартус қаласына шабуыл жасады
(last modified Mon, 15 Aug 2022 08:10:46 GMT )
Там 15, 2022 14:10 Asia/Almaty

Ақпарт көздері жексенбі күні кешке сионистік режим қырғи ұшақтарының Сирияның оңтүстік-батысында орналасқан Тартус қаласына шабуыл жасағанын хабарлады.

Сирияның SANA ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сирияның әуе қорғаныс күштері Тартус көгінде басқыншыларға қарсы тұрды.

Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Ливанның әуе кеңістігі арқылы Сирияға қарай бірнеше зымыран атты.

Шабуылдың егжей-тегжейі әлі жарияланған жоқ. 2 шілдеде де сионистік режим Триполидің батысындағы Жерорта теңізінің үстінен бірнеше зымыран жіберіп, Тартустың оңтүстігіндегі әл-Хамидия ауданындағы бірнеше алқапты нысанаға алған болатын.