Велаяти: Иран бар күшімен Сирияны қолдайды
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Иран ислам республикасы барлық күш- қуатымен лаңкестерге қарсы Сирия үкіметі мен халқының жанынан табылатынын қуаттады.
Әли Акбар Велаяти Теһранда Сирия партияларының төрағалары мен тайпа басшыларын қабылдауында: «Иран Сирия үкіметі және халқымен ынтымақтастық міндеттемесі және бауырластық байланысы бойынша лаңкестікпен шайқастың басынан барлық күш- қуатымен осы елдің жанынан табылды. Осы ынтымақтастығын одан әрі жалғастырады» деді.
Велаяти Сирия халқының елінің жер тұтастығын, абыройын және тәуелсіздігін сақтаудағы төзімділігіне алғыс айтып: «Сирия халқы көптеген қысымдарға қарамастан дұшпанды Сирия халқының өз тағдырын шешу құқығын ресми деп тануға итермеледі» деді.