Абдулмалек әл-Хуси: АҚШ пен Израиль адамзатты адастыруды көздейді
Йемен Ансаролла қозғалысының бас хатшысы: «Барлық дәуірлердегі үстемшілдер мен оларға бағыныштылардың талпыныстары, ал қазіргі заманда АҚШ пен Израильдің мақсаты халықты жарықтан қараңғылыққа тарту болып отыр»,-деді.
Al-Masira ақпарат агенттігінің сенбі күні хабарлауынша, Абдулмалек Бадреддин әл-Хуси Ислам пайғамбары хазірет Мұхаммедтің (ғ.) туған күніне орай өткен рәсімде иманы берік Йемен халқының Алла елшісіне махаббатпен қарайтынын айтып: «Ислам үмбеті мен адамзат қоғамында қиыншылықтар мен дағдарыстар бар. Алла елшісінің (с.ғ.с.) туған күні осы қиындықтардың шынайы себебін анықтауға қолайлы мүмкіндік болып табылады»,-деді.
Әл-Хуси америкалықтар мен сионистердің басқа халықтарға үстемдік ету үшін оларды өздерінің құлдарына айналдырығы келетінін айтып: «Алла елшісі (с.ғ.с) пұтқа табынған режимдерді құлатып, арабтарды жәһілдіктен исламға тарту арқылы ұлы жетістікке жетті»,-деді.