Түркия полициясы елде лаңкестік топтарға қатысы бар деген күдікпен ондаған адамды ұстады
Түркия полициясы лаңкестік топтарға қатысы бар деген күдікпен 259 адамды қамауға алды.
Стамбұлда кейінгі кезде болған жарылыстан соң және Түркия үкіметі осы жарылысқа PKK партиясы мүшелерінің қатысы бар деп жариялағаннан кейін елде әскери операциялар мен қамауға алулар толқыны өршіді.
18 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Түркияның 56 облысында жүргізілген 176 әскери операция барысында лаңкестік топтарға қатысы бар деген күдікпен 259 адам қамауға алынды.
Ұсталғандар ДАИШ, әл-Каида, РКК партиясы, күрд топтарының ассоциациясы, "Халықтық қорғаныс бөлімшелері" деп аталатын топ, Марксистік-коммунистік партия, Марксистік-ленинистік-коммунистік партия және "Халықты құтқару" атты революциялық қозғалысқа қатысы бар деп айыпталып отыр.