Иракта қарсыласу қозғалысының сардарларын еске алу рәсімі өтті
(last modified Fri, 16 Dec 2022 14:05:00 GMT )
Жел 16, 2022 20:05 Asia/Almaty

Шәһидтер Қасым Солеймани мен Абу Махди Мохандесті еске алу рәсімі Ирактың жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен ресми түрде Бағдадта өтті.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Бағдадтан хабарлауынша, ирактықтар биыл 20 күн бойы Бағдад пен басқа да қалаларда түрлі бағдарламалар өткізіп, қажы Қасым Солеймани мен Абу Махди Мохандестің шәһид болғанына үш жыл толғанын "Шәһид болу және басқару" деген атаумен атап өтеді.

Осы екі қолбасшыны еске алуға арналған алғашқы бағдарлама – Бағдадта өтетін арнайы көрме. Көрмеде қажы Қасым Солеймани мен Абу Махди Мохандес және басидж күштерінің басқа қолбасшыларының жанкешті еңбегі сипатталған.

Тегтер