Асадтың кеңесшісі: АҚШ-тың Сирияға қарсы санкциялардың бірқатары тоқтатылды деген уәжі жалған
(last modified Sun, 12 Feb 2023 16:12:24 GMT )
Ақп 12, 2023 22:12 Asia/Almaty
  • Асадтың кеңесшісі: АҚШ-тың Сирияға қарсы санкциялардың бірқатары тоқтатылды деген уәжі жалған

Сирия Президентінің кеңесшісі АҚШ басшыларының жалған сөйлейтінін қатаң сынап: "Вашингтонның Сирия халқына қарсы біржақты санкциялардың кейбіреуі уақытша тоқтатылды деген уәжі шындыққа жанаспайды",-деді.

АҚШ Қаржы министрлігі жұма күні таңертең: "Жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек беру мақсатында мәміле жасауға мүмкіндік тудыру үшін Сирияға қарсы салынған санкциялардың кейбіреуі 180 күнге тоқтатылады",-деп уәж айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Басина Шаабан: "АҚШ пен Батыс елдеріне әлемдегі басқа халықтар мүлде маңызды емес. Олардың Сириядағы гуманитарлық мәселелер туралы уәждерінің бәрі – өтірік",-деді.

Басина Шаабан жер сілкінісі болған жағдайда АҚШ пен Еуропаның экономикалық санкцияларының Сириядағы жағдайды одан ары қиындатып жібергенін айтып: "Санкция салдарынан Сирия өз құрал-жабдықтарын жаңарта алмады және үйінді астында қалған адамдарға көмектесе алмады",-деді.   

Тегтер