Ирандық ұшқышсыз ұшақ Сирияда америкалықтарды шошытты
(last modified Fri, 17 Feb 2023 15:45:03 GMT )
Ақп 17, 2023 21:45 Asia/Almaty
  • Ирандық ұшқышсыз ұшақ Сирияда америкалықтарды шошытты

CENTCOM лаңкестік тобы сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде: "14 ақпан сағат 14:30-да Сириядағы АҚШ күштері осы елдің солтүстік-шығысындағы әскери-техникалық базаны барлауға шыққан ирандық ұшқышсыз ұшақпен қақтығысып, оны құлатты",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сириядағы бір ирандық әскери кеңесші Al-Alam арнасына берген сұхбатында: "Ирандық ұшқышсыз ұшақ қолмен ұшырылатын шағын ғана дрон еді. Ол дұшпанның қорғаныс кешенін тексеру мақсатында ұшырылды. Дрон алдын ала жоспарланған барлық мақсаттарға жетті. Оның құны мың доллардан төмен. Америкалықтар осы дронды құлату үшін бірнеше жүз мың доллар тұратын зымыран атуға мәжбүр болды",-деді.      

Тегтер