Харрази: Сириядағы қақтығыстардың мақсаты Палестина мәселесін ұмыттыру болып табылады
Иран сыртқы байланыстар стратегиялық кеңесінің төрағасы Сириядағы қақтығыстардың Палестина мәселесін ұмыттыруды және қарсыласу шебіне мүше елдердің көзін жоюды көздеді деді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Камал Харрази дүйсенбі күні түстен кейін Теһранда Палестина Исламдық Жиһад Қозғалысының бас хатшысы Рамазан Абдолланы қабылдауында: «Сионистік режим, АҚШ және аймақтағы ескішіл режимдер қалыптастырған Сириядағы қақтығыстардың мақсаты реформалар жүргізу болған жоқ. Олар Палестина мәселесін ұмыттыруды және қарсыласу шебіне мүше елдердің көзін жоюды көздеді.
Осы топтағы елдердің соңғы кезде Ливан Хезболласына қарсы шығып, оны лаңкестік топ деп атауы да сионистік режимге көрсеткен көмегі болып табылады» деді.
Палестина Исламдық Жиһад Қозғалысының бас хатшысы да осы кездесуде палестиналық жерлердің ішіндегі күрескерлерді қолдауды қуаттап, Иран ислам республикасын Палестина халқының жалғыз қолдаушысы деп атап: «Палестина халқының қарсыласуы өз достарының демеушілігімен жаулап алынған жерлерді азат еткенше одан әрі жалғасатын болады» деді.