Амир Абдуллахиан: Иран – Сирия үкіметі мен халқының ауыр күндердегі досы
(last modified Thu, 09 Mar 2023 12:32:21 GMT )
Нау 09, 2023 18:32 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран – Сирия үкіметі мен халқының ауыр күндердегі досы

ИИР Сыртқы істер министрі Иранның Сирия үкіметі мен халқының ауыр күндердегі досы екенін айтып: "Зілзала дағдарысынан өту үшін осы елге көмектесуді жалғастырамыз",-деді.

Амир Абдуллахиан Сирияның Латакия облысында зілзаладан зардап шеккен аудандарды аралады.

Амир Абдуллахиан Сирияға сапардан бұрын Түркияда зілзаладан зардап шеккен аудандарға барды. 2023 жылы 6 ақпанда Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстігінде жойқын жер сілкінісі болып, соның салдарынан мыңдаған адам қаза тауып, екі елдің инфрақұрылымына ауыр зиян тиді. Осы сапарда Иран Сыртқы істер министрі зілзаладан бұзылған үйлердің біріне барып, Сирияда іздестіру-құтқару және үйіндіні тазалау жұмыстарының барысымен жақыннан танысты.

Амир Абдуллахиан: "Иранның Қызыл жарты ай қоғамы мен Сақшылар корпусы зілзала болған күннен бері Сирия халқына көмектесе бастады. Дағдарыс аяқталғанға дейін жәрдемдесуді жалғастырады",-деді.

Тегтер